jasqazaq.kz

Есмағамбетова карантинді біртіндеп жою кезеңдеріне тоқталды

12 мамыр 2020, 16:55

ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі карантинді біртіндеп жою кезеңдеріне жекелей тоқталып өтті.

Төтенше жағдайдың жойылуы барлық карантиндік шаралардың алынуы керектігін білдірмейді. Біз карантиндік шаралар сақталуы керек деген ұстанымдамыз, бірақ ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсартылып отыруы керек, — деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, наурыз айында аурудың өсімі 150% -дан асқан, бүгінде ол тек 2-3% құрайды. Соңғы аптада бұл өсім 5% -дан аспады.

Біртіндеп жұмсартып отыру арқылы карантиндік шаралар сақталады.

Есмағамбетова карантиндік шаралар үш кезеңнен соң жойылатынын айтты.

Бірінші кезең аурудың бір аптаның ішіндегі өсімі 7% -дан аспаған кезінде анықталады.

Карантиндік шараларды жұмсартудың екінші кезеңі аптасына ауру өсімі 5% -дан аспайтын жағдайда жүреді.

Үшінші кезең апта ішінде аурудың өсім көлемі 2% -дан аспайтын кезде енгізіледі.

Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты карантин әр аймақта өзіндік сценарий бойынша жұмсартылады.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия