jasqazaq.kz

Есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

05 шiлде 2018, 15:43

Арыс АІІБ-нің қызметкерлері шілде айының басында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен жергілікті жердің тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Күдіктінің автокөлігін тінту барысында 10-дана қағазға оралған хош иісті, кептірілген есірткі затына ұқсас заты тәркіленіп алынды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 50 гр. астам болып отыр.
Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтып түсіндірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АІІБ-нің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетке салынған 50 гр. марихуана тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі сатушы қамауға алынды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді