jasqazaq.kz

Эскалаторға құлап кеткен әйелдің жағдайы ауыр

01 ақпан 2021, 17:39

Павлодарда полицейлер ірі сауда үйінде эскалатордан құлап кеткен әйел туралы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Кінәлілер қырық тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету кезінде абайсызда адам денсаулығына зиян келтіру») бойынша жүргізіліп жатыр.

Бап санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру немесе 160 МРП көлемінде айыппұл салу, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған күні эскалатор жөндеуде болған. Куәгерлердің айтуынша, жөндеу жұмысын ескертетін қоршау әйел құлағаннан кейін пайда болған.

Сауда үйінің әкімшілігі әзірге түсініктеме беруден бас тартты. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы тұрақты ауыр күйде екенін айтты.

«Науқастың қабырғасы сынған. Оған ота жасалады», — деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 30 жастағы әйел эскалатор ішіне құлап кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды, содан кейін политравма бөліміне ауыстырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық