jasqazaq.kz

Есірткіні аса ірі көлемде сақтаған алматылық қолға түсті

03 тамыз 2021, 14:13

Есірткіні аса ірі көлемде сақтаған алматылық қолға түсті. Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаһардың 30 жастағы тұрғынын ұстады. – Ұсталған ер адамның “Мамыр” ықшам ауданындағы пәтерін тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған 74 полиэтилен пакеті табылды және тәркіленді. Сот химиялық сараптамасы анықтағандай, ұнтақ “гашиш” есірткісі болып табылады, салмағы 340,1 гр. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ведомство қара нарықта гашиштің бағасы 5 грамм үшін 3000 теңгені құрайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу, оның тауарларды қайдан және қалай алғанын анықтап жатыр.

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия