jasqazaq.kz

Есірткі жарнамасы бар баннерді орналастырушы делдал ұсталды

21 қараша 2019, 16:16

Полиция қызметкерлері есірткі таратушы сайттың QR коды бар жарнамаға кім тапсырыс бергенін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Полиция қызметкерлері тапсырыс берушімен қатар, сенім жүктелген тұлғаны, Алматы қаласындағы дайындаушы фирманы, сондай-ақ осы баннерлерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында орналастырған заңды тұлғаларды анықтады. «Қазіргі уақытта делдал қамауға алынды. Процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Баннер жарнамаларын орналастырған заңды тұлғалар үшін әкімшілік хаттамалар дайындалды. Бұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» туралы 423-бабы», — делінген хабарламада. Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда екі баннер орналастырған жарнама жасаушыға 300 АЕК немесе 757 мың 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда