jasqazaq.kz

Есірткі жарнамалаудың жаңа түрі (видео)

07 маусым 2019, 15:44


Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Биыл 4 маусымында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті», — делінген хабарламада. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін осындай құбылыстардан тыс қалмауға, әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмыстылығымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақырады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық