jasqazaq.kz

Есірткі жарнамалайтын 81 сайт анықталды

27 қыркүйек 2018, 16:27

Алматының құқық қорғау органдары есірткі айналымымен белсенді күрес жүргізіп жатқандарын мәлім етті.

Алматы Есірткі бизнесімен күрес комиссиясының отырысында қалалық есірткі саудасымен күрес басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Мошкалов бүгінде есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттардың таралуының алдын алып, ғаламтор ресурстары, әлеуметтік желі мен мессенджерлерді бақылауда ұстап отырғандарын айтты. «Мониторинг нәтижесі бойынша жыл басынан бері 81 сайт анықталған. Оның ішінде Telegram мессенджері де бар. Бұл ғаламтор ресурстарының мекенжайлары уәкілетті органдарға тапсырылды. Бүгінге дейін олардың құзіретімен есірткі мен психотроптық заттардың таралуына себепші болған 69 сайт, Қазақстан аумағы бойынша 1113 ғаламтор ресурсы бұғатталған»,-деді Нұрлан Мошкалов. Оның айтуынша, синтетикалық есірткілердің жарнамасына қарсы шаралар атқарылуда. Әр ауданның ІІБ, жергілікті полиция инспекторлары, қаладағы жастар ұйымдары қылмыстық фактілерді анықтап, бұған қарсы күресті әкімшілік ғимарат иелері мен ПИК өкілдерімен бірігіп қолға алмақ. Бұдан бөлек Алматы ІІД препаратты жерге тамызу, тұрғын үйлердің кіреберісінде иіс қалдыру, сондай-ақ үй қабырғаларында жарнама жазу арқылы синтетикалық есірткілерді таратуға қатысы бар тұлғалардың жазаға тартылатынын ескертті. Аталған жағдайларға қатысты фактілерді кездестірсеңіз, суретке түсіріп немесе нақты мекенжайды Whatsapp мессенджері арқылы жұмыс тобының нөміріне (+7 708 300 0611, +7 776 088 8820) жолдауға болады.

Дереккөз; ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде