jasqazaq.kz

Есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды (видео)

30 қыркүйек 2020, 19:52

Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған тоғыз адамға қатысты сот ісі аяқталды. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

Сотталушылар 10 жылдан 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде “марихуана” есірткі затын тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан адамдар тобын әшкерелеп, ұстаған болатын.

– Жамбыл облысы аумағында және Нұр-Сұлтан қаласында жалпы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері тоғыз күдіктіні ұстады. Кейінгі тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 келі марихуана есірткі заты табылды.

Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері алдын ала келісім бойынша шекарада марихуананы қабылдап, сатып алып отырғандығы анықталды, бұдан соң кейіннен оны неғұрлым тиімді бағамен сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған. Қазіргі уақытта барлық сотты болғандар жазасын өтеп жатыр.

Есептік кезеңде облыс бойынша барлығы 508 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 85 өткізу дерегі , 46 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі, үш контрабанда дерегі және 26 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру дерегі тіркелді.

Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Аталған жұмыс ПД басшылығының ерекше бақылауында, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

https://youtu.be/a4dtHh5w0wE

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия