jasqazaq.kz

«Есірткі табылған». Білім беру мекемелерінің құбыры тексерілмек

01 қараша 2024, 10:04

Білім беру мекемелерінің құбырынан сынама алу арқылы оқушылар мен студенттер арасында есірткі тұтынатындардың бар-жоғы анықталмақ. KTK телеарнасы хабарлағандай, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураның осы әдіспен бірлесе жүргізген тексерісінің қорытындысы бойынша, алты материалдың төртеуінен мефедрон табылған.

Сот сараптама орталығының мамандары ағынды кәріз су құрамын талдау есірткі тұтынуды нақты уақыт режимінде бақылаудың таптырмас әдісі дейді. Бұл тәжірибе, әсіресе, Батыс Еуропада кеңінен қолданылатын көрінеді. Есірткіні тұтыну ошақтарын анықтау мақсатындағы пилот жоба аясында бас қалада мектептер, тұрғын үй кешендері мен түнгі клубтар маңында зерттеу жүргізілді. Осы арқылы есірткі таралу аумағының айқын көрінісін анықтауға жақсы мүмкіндік туды дейді зерттеушілер.

Руслан Сатыбалдиев, Әділет министрлігі, Сот сараптама орталығының директоры: — Пилот жоба эпидемиологиялық зерттеу жүргізу мақсатында жүргізілді. Белгілі бір ортада есірткіні қолдану қаншалықты жиі кездесетінін білу үшін. Талдауда қандай да бір белгілерді нашаның өзінен емес, ағзадан шығарылған метаболиттерінен анықтаймыз. Астанада есірткі заттарының барлық түрі қолданылады деген қорытындыға келдік. Енді зерттеуді Қазақстан бойынша жасағымыз келеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

JQ-Aqparat 

Сурет: depositphotos.com

 

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова