jasqazaq.kz

Есірткі саудасының жолы кесілді

04 наурыз 2020, 18:00

Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс аумағында есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бастығы Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл іс сотқа жеткен. Осы дерек бойынша 200 жедел-із кесу шаралары жүргізілген. Алты күдіктіге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар есірткіні заңсыз өткізгені, қылмыстық әрекетті жария еткені және қылмыстық топты құрғаны үшін жауапқа тартылады. «Қостанай облысы аумағында алты адамнан тұратын топ есірткіні сату және жеткізуді ұйымдастырған. Есірткі заттарын Рудный қаласы мен Федоров ауданында таратқан. Тергеу барысында осы топтың қылмыстық әрекеті дәлелденді. Тергеу мәліметтері бойынша осы уақыт ішінде қылмыскерлер 5 келіден астам героин сатқан. Күдіктілер Рудный қаласы мен Федоров ауданында ұсталды»,- деді Б. Аймағамбетов. Қазіргі уақытта істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия