jasqazaq.kz

Есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

09 қараша 2020, 11:40


Нұр-Сұлтан қаласының есірткі қылмысына қарсы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан отбасыны анықтады.

Есірткі сататын адамдарды анықтау бойынша арнайы операцияны полиция осы жылдың 6 қарашасында өткізген. Арнайы операция барысында героин сату кезінде 37 жастағы ер адам мен онымен бірге тұратын 49 жастағы әйел ұсталған. Полиция қызметкерлері ұсталғандар тұрғылықты жерінде есірткі сататын сауда нүктесін ұйымдастырғанын анықтаған. Ерлі-зайыптылардың пәтерін тексеру кезінде олардан — есірткі қабаттары бар электронды таразы, 1 миллион теңгеден астам сомадағы қолма-қол ақша, сондай-ақ «героин» салынған 2 полиэтилен пакет және дайындалған есірткі салынған оралған 25 қағаз пакет табылған. Заңсыз бизнестегі «серіктестердің» рөлі нақты бөлінген көрінеді. Ал есірткі саудасынан түскен ақша жалпы отбасылық бюджетке түсіп отырған. «Әйел жеткізушілермен байланысты ұстап, есірткіні буып-түйіп, қаражаттың бөлінуіне жауапты болған. Ал оның күйеуі тікелей есірткі сатумен айналысып келген», — дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі полиция бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Әкбаров. Әйелдің бұған дейін де есірткі сатқаны үшін екі рет сотталғаны белгілі болып отыр. Жедел шаралардың нәтижесінде есірткіні тұтыну үшін заңсыз айналымнан шамамен 400 грамм героин алынған. Оның бағасы «қара нарықта» ақшалай түрде бөліп сатан жағдайда 6 миллион теңгеден асады. Ұсталған адамдар қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Кінәсі дәлелденген жағдайда олар 7 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия