jasqazaq.kz

Есірткі саудасымен айналысқан ағайындылар ұсталды

26 сәуiр 2018, 12:19

Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан 27 және 20 жастағы ағайындылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, күдіктілер ІІД есіртікі бизнесімен күрес бөлімшесі қызметкерлерінің назарына наурыз айында соңында іліккен. Содан бері полицейлер арнайы шара ұйымдастырып, 24 сәуір күні ағайындыларды салмағы 7 грамм «гашиш» сатып жатқан жерінде қолға түсірді. «Ағайындылардың үлкені 27 жаста. Үйленген, кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелеуде. Ал, 20 жастағы інісі ата — анасымен тұрады. Полицейлер үйлерін тінту кезінде есірткі затын қолданатын құралдарды тәркіледі. Кейін күдіктілердің танысы да ұсталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, бірқатар сараптама тағайындалды.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық