jasqazaq.kz

Есірткі саудалап келген сайт жабылды

19 ақпан 2019, 17:50

Солтүстік қазақстандық прокурорлардың араласуымен ел аумағында есірткі саудалап келген сайт жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мониторинг барысында прокурорлар республика аумағында еш кедергісіз жұмыс істеп келген Big24.cc атты сайтты анықтаған. Сайтқа кірушілерге «спайс», «амфетамин», «гаш», «мефедрон» сияқты есірткінің көптеген түрлерін сатып алу ұсынылады. «Bitcoin», «Litecoin», «Payeer» немесе «Qiwi» интернет-әмияны арқылы есеп айырысқаннан кейін сатып алушыға есірткінің қайда тығылғаны айтылады. Ал, бұл сайтты жарнамалаған сілтемелер Петропавл қаласындағы кей ғимараттардың қабырғаларынан табылды. Сайттың жұмысын заңсыз деп тауып, ел аумағындағы қызметін тоқтату үшін және олардың өнімдерінің таралуына жол бермеу үшін облыстық прокуратура Петропавл қалалық сотына арызданды. Ақпанның 7-сі күні олардың арызы толығымен қанағаттандырылды. Облыс прокурорлары осы сияқты заңсыз сайттарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастырмақ. Құқық қорғау органдары жауаптыларды анықтап, оларды тиісінше жазалауға мүдделі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде