jasqazaq.kz

Есірткі саудалаған бойжеткен 7 жылға бас бостандығынан айырылды

09 тамыз 2022, 12:09

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты есірткі сатумен айналысқан 27 жастағы азаматшаға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Күдікті синтетикалық есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Өткен жылдың маусым айында 27 жастағы азаматша «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткі затын полиэтилен пакетке салып, 11 000 (он бір мың) теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған болатын.

Бұл дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша (ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге) қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен іс сотқа жолданып, оның барысында аталған азаматшаның кінәсі толығымен дәлелін тапты.

«Күдікті бұған дейін Түркістан облысы Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліп, осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде