jasqazaq.kz

Есірткі сатушы қолға түсті (видео)

04 желтоқсан 2018, 11:07

Алматыда Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үйінде жарты келі есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, 1980 жылғы ер адам әкесімен бірген тұрған. «Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан үйде қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген тінту жұмыстары барысында шамамен 300 грамм ақшыл сары түсті ұнтақталған зат пен 200 грамм өсімдіктен жасалған заттар табылған. Сот-химиялық сараптамасы ер адамнан героин мен марихуананың табылғанын анықтады», — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, 38 жастағы ер адам осыған дейін де аса ірі көлемде есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және есірткіге тәуелді адамдардың есебінде тұр.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам изоляторға қамауға алынды.

https://youtu.be/yGNtP7L08G0

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді