jasqazaq.kz

Есірткі сатумен айналысқан «діндар» ұсталды (видео)

08 маусым 2020, 12:29

Атырау облысының полицейлері есірткі сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті дәстүрлі емес діни ағымның өкілі болған.

Облыстық Полиция департаменті Діни экстремизмге қарсы күрес басқармасының мамандары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге шұғыл ұстау операциясын жүргізіп, 1988 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған.

Күдіктіні тінту барысында одан синтетикалық есірткі, діни әдебиет және жарылғыш зат жасауға арналған компоненттер табылған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, оған терроризмді насихаттады деген де айып тағылды. Қазір ол қамауға алынған.

https://youtu.be/OEqjVViMLQY

aikyn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде