jasqazaq.kz

Есірткі сатты деп күдікке ілінген Q-pop әншілері 15 жылға сотталуы мүмкін

23 сәуiр 2021, 17:01

Алматы полиция департаменті есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталған Mad Men Q-pop тобының әншілеріне қатысты ісі қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметі бойынша, ісі ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» бойынша сараланған.

Бап мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына күдікті ретінде ұсталғандар қатарында танымал Q-pop тобының әншілері болғанын хабарлаған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда қылмыстық топтың ұсталған сәті түскен видеоға белсенді түрде пікір жазып жатыр. Кейбіреуінің айтуынша, ұсталғандардың ішінде бірнеше адам Mad Men Q-рор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар топ мүшесі Moora мен олардың продюсері Руслан Хванды танып отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия