jasqazaq.kz

Есірткі сатқан мұғалім 11 жылға сотталды

14 қантар 2020, 14:24

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nv.kz порталы.

Полиция тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды сатқанын анықтаған. Ол тәртіп сақшыларына ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатқан.

«Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram-ның көмегімен тапқан. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған», — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сотталушының есірткі сату әдісі полицейлерге жақсы таныс. Telegram желісінде тыйым салынған препараттардың сатылатыны туралы хабарландыру берілген. Сатып алушы QIWI-әмиян арқылы талап етілген соманы күдіктіге жіберген кезде, ол оған тауардың қайда сақталғаны жөнінде мәлімет жіберіп отырған.

«Сарапшылардың және куәгерлердің көмегімен күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда оның заңсыз жолмен тапқан табысы оның жұмысына қатысы болмаған. Ол есірткіні мектептен тыс жерде сатқан», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот үкімі шығардан алдын мұғалімге берілген оң мінездеме ескерілген. Әріптестері оның жақсы адам болғанын, мықты маман екенін айтқан.

Соған қарамастан Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде