jasqazaq.kz

Есірткі алқабында 2 тұрғын ұсталды (видео)

07 шiлде 2020, 12:18

Түркістан облысының тұрғындары Шу ауданында есірткі жинау барысында ұсталды.

5 шілдеде “Қарасора – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу қаласына 100 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта есірткі затын жинау кезінде екі адам құрықталды. Олар: 61 және 45 жастағы Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары.

https://youtu.be/aTGjAi6lR-U

106 келіге жуық мариxуана есірткі заты жинау барысында анықталса, 12 келіден астам мариxуана күдіктінің біріне тиесілі “ВАЗ-2107” маркалы, мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктен табылып, жалпы салмағы – 118 келі 780 гр. мариxуана тәркіленді. Сонымен қатар, олардан жабайы шөпті оруға арналған құрал тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде