jasqazaq.kz

Есірген қыздар екі күнге қамалды (видео)

30 наурыз 2018, 19:27

Талдықорған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматша М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сот қыздың қоғамдық орында, нақтырақ айтқанда Талдықорған қаласындағы соғыс батырларының құрметіне арналған Мәңгілік алау мемориалының алдында билегенін, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Сот алдында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді», делінген қалалық соттың таратқан мәліметінде. Осыған байланысты сот қаулысымен азаматша М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөліміне (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік құқық бұзды деп танылды. Осыған байланысты оған 2 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясы Даңқ ескерткіші алдында әдепсіз би билеген екі бойжеткенді анықтап, ұстағанын хабарлаған едік. Екі бойжеткеннің Даңқ ескерткіші алдындағы әдепсіз биі әлеуметтік желіге тарап, бұл талдықорғандықтардың ашуын тудырған. Белгілі болғанындай, бойжеткендердің видеосы 26 наурызда кешқұрым Талдықорған орталық саябағында түсірілген.

 

Нет слов… Все выше я уже сказал… И мне очень жаль… Что так происходит в нашем обществе… @ztb_video сделайте пост у себя ************************************* ************************************* Раскрутка Инстаграм не бесплатно. Обращайтесь в дайрект. НАШИ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ 👉👉👉👉@panikatdk👈👈👈👈………………………….👉👉👉👉@kolesatdk 👈👈👈👈 👉👉👉👉@raskrutkatdk 👈👈👈👈 ************************************* ************************************* #kris_p_tdk#Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #дтп #🇰🇿 #kz #kaz #qaz#жесть

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды