jasqazaq.kz

Есіл өзенінен шығарылған көлік ішінен адам денесі табылды

23 сәуiр 2021, 14:29

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар балық аулауға шығып, көлікпен суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 22 сәуірде шамамен түнгі сағат 2.30-да болған. Қызылжар ауданы Қызыл Яр елді-мекенінің маңындағы Есіл өзенінде балық аулауға шыққан екі ер адам «Toyota surf» көлігімен Есіл өзеніне түсіп кетті. Ұйықтамақ болып жатқан кезде балықшылардың дөңде тұрған машинасы өзенге сырғып кеткен. Көлік жүргізушісі өздігінен шығып, аман қалды, ал ішіндегі жолаушысы мерт болды.

«Хабар түсісімен-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылған. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды. Қаза тапқан ер адам 39 жаста, Петропавл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Соңы осылайша қайғылы аяқталды», — дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия