Әкімдік тағы 200 отбасын эвакуациялауды жоспарлап отыр. Ақмола облысында су тасқыны қаупі салдарынан 459 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Әкімдік тағы 200 отбасын эвакуациялауды жоспарлап отыр.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Целиноград облысында төтенше жағдай режимі жарияланды, Есілдің арнасын кеңейту жұмыстары басталды, 459 отбасы эвакуацияланды, сонымен қатар 200-ден астам отбасын эвакуациялауды жоспарлап отырмыз», — деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.
Оның айтуынша, Есіл өзені жағынан елорданы су басу қаупі бар, осыған байланысты қазір арнаны бекіту жұмыстары жүргізілуде, арналар тазартылды. Жабай көліне қатысты аймақ басшысы қазір ол жақта экспедиция ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Қардың биіктігі нормадан 39% жоғары. Наурызда біз облыстың су тасқыны қауіпті бар 10 ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 25 млн теңге қарастырылған», — деп толықтырды Маржықпаев.