
Алматы облысының Есік қаласындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикелері директоры үстінен шағымданды. Олардың айтуларынша, қызқұмар басшы төсектен бас тартқан жұмысшылардың соңына түсіп, келіспегендерге қысым көрсетеді екен. «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы бұл айыпты мойындамады.Бұл туралы КТК телеарнасы сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.
Эльмира Асқарова білдей басшының қызқұмар қылықтарын жалпақ жұртқа жария етуге бел буған. Алматы облысындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикесі директордың қыз-келіншектерге қол жүгіртіп, жыныстық қатынасқа тартатынын айтады. «Көзіне түскенді кабинетіне шақырып, ішімдік ішуге мәжбүрлейді», — дейді шыр-пыр болған қызметкер.
Эльмира Асқарова, медбике:
Қарамағындағы қызметкерлерді палатада емес, төсекте көргісі келетін басшы, әсіресе ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған жалғызбасты келіншектерге қырғидай тиеді дейді медбикелер.
Айнұр Керімова, медбике:
Есік қаласындағы «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығына жаңа басшы ақпан айында келген екен. Содан бері жұмысшылардан маза кетіпті. Күшейтілген карантинде «артығымен жұмыс істедік» деген наразы топ айлықтың қысқарғанына да қапалы.
Айдар Сәменов, бақылаушы-санитар:
Басшылықтың бассыздығын айтқан медбикелер бас прокуратура, еңбек инспекциясы мен жауапты министрлікке арыз жазыпты. Ал аурухана басшысы Мақсат Бекетаев өзіне шаң жуытқан жоқ. «Қол астымдағы қызметкерлер күшейтілген талапқа көнбей, негізсіз жала жауып отыр» — дейді ол.
Мақсат Бекетаев, Есік қаласы «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы:
— Бәрі жала. Бәрі өтірік. Мынаны екі-үш адам ұйымдастырып жасап отыр. Жұмысты талап еткен соң, мүмкін жаза бастады. Мен сотқа берейін деп жатырмын. Сот бәрін анықтайды. Қаржы полициясы бәрін тексереді, сосын өздері шешім шығарады. Айлық туралы айтқандары да өтірік.
Есік қаласындағы ақыл-есі кем адамдарға арналған орталықта 500-ден астам науқас бар. Ал оларға 300-ге жуық медициналық маман қызмет көрсетеді. «Құқығымыз тапталды» деген қызметкерлер құзырлы орындарға екі ай бұрын шағымданыпты. Ең сорақысы, олардың жанайқайына әлі күнге дейін ешкім назар аудармаған. Орталықтың қызметкерлері қызқұмар басшымыз бассыздығын тоқтатпаса, базынамызды Мемлекет басшысына жеткіземіз деп отыр.