
Жетісайда жүргізуші көлігінің терезесіне жабыстырылған қара пленканы алып тастаудан бас тартып, тәртіп сақшысын 30 метрдей жерге сүйреп кеткен. Жүргізуші осылайша жазадан құтылып кетпек болған. Ол жердегі оқиға полицейдің видеожетонына жазылып қалған.
Бұл факт қылмыстық кодекстің 380-ші бабы, 1-тармақ «Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану» бойынша тіркелген. Жүргізушіге 3000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін, немесе 800 сағат қоғамдық жұмыстарға, сондай ақ үш жылға дейін бас бостаныдығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның жәй-жапсары анықталуда. Көлік айыптұрағына қойылды.
Түркістан облысының ПД азаматтарды жол ережелері мен заңдарын сақтауға шақырады.
polisia.kz