jasqazaq.kz

Есік көлі мен Түрген шатқалына баратын жол жабылды

13 сәуiр 2021, 10:49

Алматы облысында туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына жете алмады. Туристік нысандарға апаратын жабылды.

Ақпаратты Іле-Алатау ұлттық паркінде расталды.

Түрген шатқалы мен Есік көліне баратын жол жабық. Ұлттық парк аумағында қорық қызметкерлері демалушылардың келуіне тосқауыл қойды.

Іле-Алатау ұлттық паркінде хабарланғандай, бұрын аймақта қатты жаңбыр жауған. Соның салдарынан тастар құлап, жолда жүру қауіпті болды.

Ұлттық саябақтың басшылығы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінен жолды тас пен топырақтан тазартуға көмектесуін сұрайды.

«Облыс аумағында жауын-шашынның түсуіне және жалғасуына байланысты, сондай-ақ ауа температурасының тұрақсыздығына байланысты жақын күндері табиғи қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Есік көліне дейін жол жабылды, төртінші шақырымға дейін ғана келуге рұқсат етіледі», — деп толықтырды Іле-Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында орналасқан басқа көлге жол үш жылға жабылатыны хабарланды. Көлге апаратын жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана ашылады. Қазіргі уақытта туристер Үлкен Алматы көліне жаяу ғана жете алады.

stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия