jasqazaq.kz

«Ештеңе жарылмайды деп сендірді»: ТЖ министрі құтқарушының сұхбатына пікір білдірді (видео)

30 тамыз 2021, 17:15

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сенсациялық сұхбатына пікір білдірді. Бұған дейін ол өртті сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынына айтқан болатын. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Юрий Ильиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде әскерилер қоймада тротил шашкалары сақталғанын растаған.

«Қазір өрт, адам өлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. (…)

Тротил шашкалары сақталған қоймада өрт болғаны расталды. Барлық нұсқау бойынша, соның ішінде қорғаныс министрлігінің де, олар детонаторсыз сақталған және жарылыс қаупі болмаған. Детонаторларға не болғанын тергеу органдары анықтайды.

Ал қол астындағы адамдар қашып кетті дегенге айтарым, зардап шеккендер арасында Қорғаныс министрлігінің де, Төтенше жағдайлар министрлігінің де қызметкерлері бар, әркім өз міндетін өз орнында орындады», — деді Юрий Ильин.

Cондай-ақ, Юрий Ильин жарылыс кезінде оқ-дәрілер қоймасында 18 дана өрт-құтқару техникасы мен жабдығы жойылғанын атап өтті. Шығын есептеліп жатыр.

Бұған дейін 26 тамызда оқиға орнында жұмыс істеген Байзақ ауданының №8 өрт сөндіру бригадасының қызметкері Асыл Мұхамбетжанов бастапқыда келген өртсөндірушілерге жарылыс болмайды деп сендіргенін айтқан болатын.

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

29 тамызда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @aibat__kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия