jasqazaq.kz

Ержан Шынкеев «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанды

02 шiлде 2018, 12:09


Елордада осымен сегізінші рет өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде Ержан Шынкеев жеңімпаз атанды.
Baq.kz хабарлағандай, «Барыс Арена» мұз сарайында өткен беделді бәсекеге еліміздің 14 облысы, Алматы және Астана қалаларынан және әскерилер арасында іріктеуден өткен 37 (екі балуан жақында Шымкент қаласынан қосылып отыр) үздік балуан қатысты. Оның ішінде былтырғы турнирдің жеңімпазы қатысушылар сапына іріктеусіз қосылды. Тартысты белдесу жеті сағатқа созылды.
Турнир «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетілді.2018 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры да қомақты. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандар 100 мың теңгені қанжығасына байлады.
III орын иегері Айбек Нұғымаров қола белбеу мен 1,8 млн теңгеге ие болды , ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталды. Ал ІІ орынға иегері Ерасыл Қажыбай күміс белбеу мен 5,5 миллион теңге иеленсе, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілді. Турнирде топ жарған Ержан Шынкеевке 25 млн теңге мен
алтын белбеу, алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталды. Ал оның бапкері 3,5 млн теңгеге ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдан бастап «Қазақстан Барысы» атағын Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев жеңіп алған болатын.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді