jasqazaq.kz

Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт береді

26 қараша 2019, 17:36

Eurovision Junior 2019 байқауының екінші орын жүлдегері Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт беретін болды.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында әншінің анасы Гүлмира Әлібек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Концерт туралы ұсыныс Польша елшілігінен түсті. Әзірге бұл мәселені жан-жақты қарап жатырмыз. Халық Ержанның өнерін жоғары бағалап отыр. Шамамен 2020 жылдың наурызына жоспарлап отырмыз. Бұл оның жеке концерті болады. Мұндай шраларды ұйымдастыру оңай емес. Әрине, барлық командамызбен ақылдасатын боламыз», — деді ол. Оның айтуынша, Ержан Максимнің жеке концерті Қазақстанда Орал қаласында өтеді. Концерт жазға жоспарланған. Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын алды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда