jasqazaq.kz

Ержан Біржанов Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды

07 шiлде 2022, 10:27

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.

1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.

2004-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылғы наурыз-қараша аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры.

2017 жылы «Казимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2021 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде