jasqazaq.kz

Ертісте ежелгі адамның қаңқасы қармаққа түсті

22 мамыр 2021, 14:53

Ертіс өзенінен 3 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның жақ сүйегі табылды. Ежелгі адам қаңқасы қармаққа түскен. Сан ғасыр бойы су түбінде жатқан жақ сүйектегі тістер бүлінбеген күйі сақталыпты.

Ақсу қаласының тұрғынының қармағына балық емес, адамның жақ сүйегі түскен. Әйел жанталаса полиция шақырыпты. Ал жергілікті тұрғындар бұны қылмыспен байланыстырып, тіпті қаңқа осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалған жігіттікі деп болжап үлгерген. Өзен жағасын түгел қарап, суды сүзіп шыққан құтқарушылар адамның басқа сүйегін таппаған. Ал сараптама судан шыққан жақ сүйек қола дәуірінде өмір сүрген адамдікі екенін анықтады.

Виктор Мерц, археолог:

— Жақ сүйегіне қарап оның орта жастағы ер адамдікі екенін білуге болады.Бұл 35-45 жастағы адам жақсы тамақтанған, тіпті физиологиясы жақсы болған болуы әбден мүмкін. Сүйекке шамамен 2,5 -3 мың жыл.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде