jasqazaq.kz

Ертең Қазақстанда утилизациялық алымның мөлшері жарияланады

22 ақпан 2022, 14:59

Үкімет утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады», — деді министр үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, Қазақстанда жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым 2016 жылы енгізілген болатын. Ал 2019 жылы ауыл шаруашылығы техникасына қолданыла бастады. «Оператор «РОП-тың» бес жылдық жұмысы нәтижесінде 579 миллиард теңгенің утилизациялық алымы төленді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық