jasqazaq.kz

Ертең Арысқа кіруге болады

27 маусым 2019, 15:51

Шымкенттегі Ақмешіттен басталған дүрбелең әлі басылған жоқ. Темірлан тас жолы бойымен жүріп өткен арыстықтар Бейбітшілік даңғылының бойындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратының алдына жиналды.

Тәртіп сақшылары ғимараттың кіреберіс есігін күзетіп тұр. Арыстықтардың талабы сол: жарылыстан зардап шеккен қалаға қайтқылары жоқ.
Оқиға орнында жүрген тілшіміз Шәкір Умаровтың айтуы бойынша, наразылық білдірушілер арасында алкогольдік ішімдік ішкендер жоқ. Халықты соңына ертіп, бастап жүрген көшбасшы да жоқ.

Республика және Бауыржан Момышұлы көшелерімен Тәуке хан даңғылы бойына қарай жылжып барады. Қазір мұнда көлік кептелісі орын алды. Тәртіп сақшылары бақылап тұр. Наразы топ дәл қазіргі уақытта Әл Фараби алаңын бетке алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Арыс қаласының эвакуацияланған тұрғындарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Ертең қала ашық болады, автобустар таңертең алтыдан бастап тұрғындарды тасымалдайтын болады», — деді.

Дереккөзі: otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда