jasqazaq.kz

Ертегіге саяхат

01 маусым 2021, 15:07

«Шин-Лайн» — қазақстандық балмұздақ нарығының көшбасшысы дәстүрлі түрде жыл сайын Халықаралық балалар күніне іс-шараларды өткізеді және қолдау көрсетеді, себебі компания – балалардың ең басты және сүйіп жейтін тәттілері – балмұздақтың срапашысы.
Осы жылы С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында – «Балалық шақ мерекесі. Ертегілер және қуыршақтар әлемі» өтті.
— Алматы қаласының Беғалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесіп біз балаларға ертегіге саяхат сыйлауға тырыстық, — деп әңгімеледі Владимир Пак, «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры. – Осы жылы балалар біздің балмұздақтың жаңа дәмін татып көрді, ал балалар үйінің тәрбиеленушілері компаниядан кітапхана мамандары сүйіп таңдап алған және «Алтын коллекция» кәмпиттер топтамасымен үндес кітаптар алды.
Кітап оқитын сарапшылар, кітапхана қызметкерлері балаларды 1 маусым мен кітапхананың 70 жылдығына арналған әр түрлі және дәмді мерекелік бағдарламамен қуантты. Барлық санитарлық шараларды сақтап және топтарға бөлініп, қағазды модельдеу, сурет салу бойынша мастер-кластарға қатысты, «көңілді старттар» эстафеталарына қатысты және жаз бойы аптасына екі рет кішкентай көрермендерге тегін түрде сүйікті мультфильмдер көрсететін жаңа бейнезалына барып шықты.
«Шин-Лайн» компаниясы, әрбір мерекеге қатысушыға өздерінің «Алтын коллекция» «кәмпит» топтамасынан балмұздақ сыйлап балаларға ертегі атмосферасына енуге көмектесті. «Ключик Буратино», «Гулливер», «Птичка», «Белочка», «Красный мак», «Караван» – осылардың барлығы ертегілер әлеміне апаратын және сүйікті кейіпкерлерді еске түсіретін салқындатқыш тәттінің жаңа дәмдері.

«Балалар өздері оқи алатынға дейін, оларға дауыстап оқу өте маңызды, — деп айтып кетті Алма Конарова, С.Бегалин атындағы орталық қалалық кітапханасының жетекшісі, — Әдебиеттің шексіз әлемімен таныстыруды ертегілерден бастаған дұрыс. «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкендері», «Гулливердің саяхаттары», «Алқызыл гүл», «Салтан патшасы туралы ертегі», біздің көп ұлтты Қазақстан халқының көптеген шығармалары –– олардың барлығы ақылға қонымды, мәңгілікке ие және балалардың оқуға деген талғамы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады. Біздің кітапханамыздың тегін үйірмелерінің бірі – «Ертегі терапия» деп кездейсоқ аталмаған. Онда педагог-кітапханашы кітаптарды ауызша оқиды, ал балалар содан кейін ұнатқан кейіпкерлерінің суретін салады. Ертегілер, жалпы кітаптар – бұл жадыны, қиялды, елесті дамыту, жаңа әлемдерге жүздеген қызықты сахаттар жасауға мүмкіндік».
1 маусымға орай «Шин-Лайн» компаниясы дәстүрлі түрде Алматы облысының «Ковчег» және «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне балмұздақ сыйлады. Дәмді сыйлықтарды осы күні Н.Сац атындағы балалар мен жастарға араналған мемлекеттік академиялық орыс театрына келген жас театралдар, сондай-ақ Алматы облысының Байсеркен ауылдық округының ерекше балалары мен жетім балалары да алды. Сүйікті «кәмпиттер» сериясындағы 1000-нан астам балмұздақ порциялары балаларға мерекенің нағыз дәмін сезінуге көмектесті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық