jasqazaq.kz

Ернеуінен асқан Есіл тас жолды басып қалды

19 сәуiр 2019, 22:46

Ернеуінен асқан Есіл өзені Петропавл жұртының есін алып жатыр. Арнасына сыймай, тасыған су қала іргесіндегі жүзге жуық саяжай мен республикалық тас жолды басып қалды. Салдарынан тіпті көліктердің қатынауына шектеу қойылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Людмила Мартынова; Саяжай бірлестігінің төрайымы:

— Не істерімізді білмейміз. Жылда осы жағдай қайталанады. Шаршадық, жалықтық осы тасқыннан. Бұл аздай тағы да су тасиды деп жатыр. Оның зардабы қалай болары белгісіз.

Бұл тасқынның алғашқы толқыны. Жергілікті тұрғындар оның қайталануынан қорқып отыр. Қазір өзенді жағалай жайғасқан саяжайлардың ауласында көлкіген су жатыр. Жұрт үйлері құлай ма деп қауіптенеді. Ал құтқарушылардың сөзінше, әзірге дүрлігуге еш негіз жоқ. Қайықпен аралап, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз дейді. Дегенмен, тұрғындарды баспаналарын тастап, уақытша көшуге үгіттеп жатыр. Оған бұқараның көнгісі жоқ. Себебі олар үйлерін тонап кете ме деп уайымдайды. Жұрттың бұл жағдайға шошына қарауына негіз жоқ емес, себебі екі жыл бұрын жергілікті тұрғындарды топан су әбден титықтатқан. Еріген қар суы үйлерді шайып, ал кейін қираған баспаналар қалпына келтірілген еді.

Ерік Сарыбаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

— Былтыр бір ғана толқынды қабылдаған болатынбыз. Биыл екінші толқын келу күтілуде. Мына ауа-райының күрт төмендеуінен су ағысы төмендеп, екінші толқын бірінші толқынды Петропавл қаласына жеткізуі мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда