jasqazaq.kz

Ернар Айдар өзін қатал сынаған Роза Рымбаевамен кездесті

03 қыркүйек 2018, 10:42

Осыдан бірер ай бұрын Халық артисі Роза Рымбаева әнші Ернар Айдарды “өзбек не түрік әндерін қазақшаға аударып айтып жүрген той әншісі” деп қатал сынға алған болатын. Роза Қуанышқызының бұл сөзі халық арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.

Ернар Айдардың өзі бұған қатысты дау шығарған жоқ. Тек: “ол кісінікі де дұрыс шығар, оны халық шешер”, – деп кішіпейілділік танытты. Аталған оқиға шілде айында орын алған болатын.

Күні кеше Ернар Айдар Роза Рымбаевамен түскен суретін жариялап, тыңдармандарын қуантты.

“Роза Қуанышқызы өте еңбекқор, парасатты тұлға, анамыздай ақ баталы, кейде біздерді бүгінімізден де жақсы болсын деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз үзілмесін!” – деп жазды ол.

Жұрт Ернардың қарапайымдылығына, кішіпейілділігіне риза болды.

“Не болса да үлкен ғой, сыйлай бер”, “Жарайсың”, “Бұдан жаман болмайсың”, “Нағыз азамат, ер жігіт деген осындай болады”, – деп ризашылығын білдірді желі қолданушылары.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді