jasqazaq.kz

Ернар Айдар: Өнер жолындағы қыздар ашылып, шашылып кетті

20 желтоқсан 2018, 18:57

Ернар Айдар “хайп” үшін шешініп, жалаңаштанып жүрген әнші қыздарды сынға алды. Әншінің айтуынша, қазіргі әртіс қыздар арзан атақ үшін намысты аяққа таптаудан арланбайды.

Бұл туралы Stan.kz “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қазір хайпты шектен тыс қолданып жатқандар бар. Негізгі жағын қыздар қауымына арнағым келеді. Жігіттерде де кемшілік бар шығар, бірақ өнер жолында қыздар ашылып, шашылып кетті. Болмай кетті. Соны хайп деп көріп, сол арқылы танылып, сосын біреудің айтқан сөзін де мойындамайды, не ақылын тыңдамайды”, – дейді Ернар.

Әнші бұл сөзінің қай қызға арналатынын ашып айтпады. Десе де, ондайлардың күннен күнге көбейіп келетінін ашына жеткізді.

“Кейде ашуым келеді. Бірдеңелер айтқым келеді, бірақ ата-анасы не болмаса ортасы оны сол жолдан қайтара алмады, болмысы мен сана-сезімі солай болды, менің бір ауыз сөзіммен қайтып кетпейтін шығар деймін”, – дейді Ернар.

Бұл орайда хитмен жалаңаштанып танылғысы келетін әншілерді тасада қалдырудың жолын айтты.
“Біреудің істеп жатқан жұмысы саған ұнамай ма, оны көрінбесін десең елеусіз қалдыр дейді. Оған пікір де жазба, оны қарап қалма, оған ашуланба. Бір қарап өтіп кет. Ол өзінің өтпейтінін сонда түсінеді”, – дейді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық