jasqazaq.kz

Ернар Айдар: Бәле жабысқанда не істеріңді білмей қалады екенсің

10 маусым 2020, 13:16

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдар өзі өткізген ұтысқа қатысты даулы оқиғадан кейін біраз уақытқа әлеуметтік желілерден алыстап кеткен еді. Алайда, араға бірнеше апта тастап, өнер иесі ғаламторға қайта оралды. Барша жанкүйерлеріне жазба арнаған әнші оларға қазіргі жағдайын жеткізіп, атышулы оқиғаға қатысты істің қалай өтіп жатқанын баяндады.

Ернар Айдар ұтыс ойынына қатысты даулы оқиғаның тың мәліметтерімен Instagram парақшасында бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы өзіне жаудырылған сансыз сыннан кейін қандай күй кешкенін айтып, көпшіліктің жолдап жатқан сұрақтарна жауап берді.

«Ассалаумағалакүм құрметті де, ардақты ағайын. Мен де қазір бәрі жақсы, маған алаңдап, уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жатқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын. Тергеу жайлы сұрап жатқандарға: ЭТД маған айтқаны бойынша ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар қашан аяқаталатыны белгісіз. Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады. Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға: Менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ. Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. (Оспанов Азат, Темірбек Ернар) Қазірде ЭТД осы ұйымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Бұл нәрсе маған ауыр тиді. Себебі, қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқан да не істеріңді білмей қалады екенсің. Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол. Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті» , — деп жазды ол.

Өнер иесі бұл қиын уақытта өзінен теріс айналмай, барынша қолдау білдіруге тырысқан тыңдармандарына алғысын аямады.

«Өнерімді сүйіп, мені өз баласындай көріп, маған сенім артқан қазақ халқыма, сағынышты сәлемім мен шексіз алғысымды айтамын. Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарымның «Сені сағындық» , «Біз сенімен біргеміз» деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат пайда болады екен. Баршаңызға басымды иіп рахмет айтамын, маған халқымның ақ тілегі мен, ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Өнеріме құрмет пен қарап бағалайтын ағайынды, алдағы уақытта жақыс жаңалықтар мен қуантуға тырысамын» , — деді Ернар Айдар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Ассалаумағалакүм құрметті де, ардақты ағайын Мен де қазір бәрі жақсы, #аллағашүкір маған алаңдап, мені уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жаттқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын. ▪️Тергеу жайлы сұрап жатқандарға @der_almaty нің маған айтқаны, ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр, тергеу жұмыстарының қашан аяқталуы белгісіз. Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады✊ ▪️Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға Менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ. Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. (Оспанов Азат, Темірбек Ернар) Қазірде @der_almaty осы ұымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. ▪️Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. ▪️Бұл нәрсе маған ауыр тиді, себебі қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқан да не істеріңді білмей қалады екенсің. Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол. Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті✊ Өнерімді сүйіп, мені өз баласындай көріп, маған сенім артқан ҚАЗАҚ халқыма, сағынышты сәлемім мен шексіз алғысымды айтамын✊ Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарым, (Ернар қайдасың, Ерош сені сағындық, Ереке жаңа әндеріңді сағындық, Ернартай бұл сынақ, сенің кінәсіз екеніңе сенеміз қолдаймыз, Ернар балам еш уайымдама бәрі жақсы болады, Ернар біз сенімен біргеміз….) деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат пайда болады екен. Баршаңызға басымды иіп рахмет айтамын, маған халқымның ақ тілегі мен, ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Өнеріме құрмет пен қарап бағалайтын ағайынды, алдағы уақытта жақыс жаңалықтар мен қуантуға тырысамын✊ Алла жар болсын. Ең бастысы Қазақстанымның тыныштығы, тәуелсіздігі мәңгілік болғай, ел тыныш, жұрт аман болсын.

Публикация от ℝℕℝ ℝ (@ernaraidar_kz)

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде