jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылардың пирамида «бизнесі» (видео)

05 мамыр 2020, 15:35

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласында тұратын отбасылық жұптың басқа тұлғалармен бірлесіп, қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғанын анықтады. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Белгілі бір компанияның атынан әрекет етіп әрі зор пайда табуға сендіре отырып, олар қала тұрғындарын қаржы пирамидасына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақша салуға көндірген. Алайда, тартылған қаражат кәсіпкерлік қызметке емес, жеке бастарын байытуға жұмсалды.

Айыптылардың компаниясына бақылаудағы ақша салымын жасау арқылы ЭТД қызметкерлері қылмыстық топтың заңсыз қызметін әшкереледі. Тінту нәтижесінде ноутбуктер, ұялы телефондар және кеңсе құжаттамасы тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық жасау) бойынша сотқа дейінгі тексеру ісі тіркеліп, тергеу шаралары жүргізілуде.

Құрметті азаматтар! Егер Сізге осындай фактілер мәлім болған жағдайда, 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны арқылы Қаржы мониторингі комитетіне немесе Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7262) 34-75-38, 8 (7262) 34-76-26 нөмірлері бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде