jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылардың өліміне байланысты қылмыстық іс әшкереленді

20 тамыз 2020, 15:25

Қостанай облысының полиция қызметкерлері Рудныйда ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, 41 жастағы ер адам бұрын кісі өлтіру және ұрлық қылмыстары бойынша сотталған.

— Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, бұрын сотты болған 41 жастағы күдікті қамауға алынды, ол өз кінәсін мойындады. Қылмыс алкогольді ішімдік ішіп, арты төбелеске ұласқан кезде жасалған, — деді ПД басшысының орынбасары Талғат Өтетілеуов.

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 18 тамызында сағат 11: 48-де Рудный қаласының учаскелік полиция бөлімшесінің «102» пультіне келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнын тексеру кезінде жеке үйден 53 жастағы ер адамның және оның 43 жастағы әйелінің мәйіттері табылды. Оқиға орнында жүргізілген сараптама нәтижесі марқұмдардың зорлықпен өлтірілгенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, — деді аймақтың ПД басшысы Нығмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия