jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылар жүкті әйелдің ішін жарып, сәбиін алып қойған

22 қазан 2018, 16:00

Бразилиялық жұп жүкті әйелдің ішін жарып, ішіндегі 8 айлық сәбиін алып қашқан. Мара Кристиана да Сильваның денесі елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Жоао Пиньейру қаласынан табылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Туысының сөзіне қарағанда, оны өлтірген болуы мүмкін деген күдіктінің есімі – Анджелина Родригес. Ол осы уақытқа дейін қызды болуды армандап келіпті.

Көп ұзамай полиция Анджелина Родригес пен оның күйеуі Роберто Гомеш да Силваны қолға түсірді.
Полицейдің айтуынша, Родригес әйелді байлап қоймас бұрын оған дәрілік зат берген. Түсініктеме беру барысында әйел күйеуінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Алайда тәртіп сақшылары әйелдің бұл қылмысты жалғыз жасағанына сенбеген.

Марқұм болған әйелдің әпкесі Эуза Рибейроның айтуына қарағанда, Феррейра Да Силваның қыз балаға жүкті екенін білген соң, оған жақындай түскен.

“Ол әйел әркез қызды болуды армандаған. Менің сіңлімнің екіқабат екенін көріп, көмек қолын ұсынған. Қарызға ақша берген, балаға қажетті заттың бәрін алып берген”, – дейді ол.

Әйелдің мүрдесі талға байлаулы жерінен табылған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді