jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылар үйінен өлі табылды

18 тамыз 2020, 16:58

Арнайы тергеу-жедел тобы Рудный қаласындағы екі адамның өліміне байланысты қылмыстық істі ашуға жұмылдырылды. Әзірге, қылмыскердің ізіне түсу мүмкін болмай тұр.Бұл туралы  zakon.kz. хабарлайды.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 18 тамызда сағат 11.48-де Рудный қаласының учаскелік полициясының «102» пультіне түскен хабарлама бойынша тексеруге барған жедел топ жеке үйден 53 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы әйелін өлі тапты. Оқиға орнына жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, марқұмдардың зорлық-зомбылықпен өлтірілгендігі анықталды.

Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігі, «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, — деді аймақтық ПД басшысы Нығмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі