jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылар үйінде тірідей жанып кетті (видео)

14 мамыр 2020, 23:08

Тірідей жанып кетті. Ақмола облысының Щучье қаласында өртенген үйден ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Таңертең ерте далаға шыққан көршісі мұржадан будақтаған түтінді байқайды. «Күн ыстықта таң атпай пеш жақты ма?» деп, биік дуалдан қараса, үйдің кіреберісі лаулап жанып жатыр екен. Өрт сөндірушілер құтқарып үлгере алмады. Үйден екі бірдей адамның денесін алып шыққан. Марқұмдар 52 және 41 жастағы үй иелері екен. Олар тілсіз жау күш алған кезде ұйқыдан оянса керек. Екеуі де жатын бөлмеден еңбектеп шығып, ас үйге дейін жеткен. Ер адамның денесін толығымен күйік шалған. Ал әйелі түтінге тұншыққан сияқты. Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

— Негізінен ас бөлмесі мен дәлізі өртенген. Қыздарының айтуынша, екеуі де темекі шегеді екен. Дәл сол кеште қыздың өзі құрбысының үйінде қонып қалған. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде