jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылар бүйрегін сатпақшы болған

19 қантар 2018, 13:49

Астана қалалық №2 Есіл аудандық сотында адам ағзаларын сатуға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы елордада тұратын ерлі-зайыптылар интернет желісінде адам ағзасын сату туралы хабарландыру жариялаған. Екеуінің бірі — Е. есімді азамат өз бүйрегін 6 000 000 теңгеге сатпақшы болып, хабарландыру берген. Артынан, бүйректі 6 млн теңгеге сату туралы келісімшартты да рәсімдеген. Алайда ақшаны аударып беремін деген адам құқық қорғаушы болған. «Сот шешіміне сәйкес, ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойыша кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — делінген соттың ресми хабарламасында.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды