
Қарағанды облысы Шашубай кентінде үш қабатты үйдің балконы опырылды.
Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға кезінде күйеуі мен әйелі балконда тұрған. Олар Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.
Телеарна мәліметінше, 36 жастағы әйелдің сүйегі сынған, кеуде және бет жарақатын алған. Дәрігерлер оған ми жарақатын алды деген диагноз қойды, жағдайы орташа ауыр. Екінші зардап шегушінің миы шайқалып, кеуде және бауыр жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға кезінде күйеуі мен әйелі балконда тұрған. Олар Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.