jasqazaq.kz

Ерлі-зайыпты мал ұрлығымен айналысқан

18 қыркүйек 2019, 12:49

Түркістан облысында мал ұрлығымен тұрақты түрде айналысып келген ерлі-зайыптылар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар екі ай бойы өңірдің 5 ауданында жайылымдағы малдарды ұрлап келген.

«Ордабасы аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын аразданып, тамыз айында белгісіз тұлғалар жайылымдық жерден 1 бас бұзауын ұрлап кеткенін айтты. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тіркелді. Дәл осындай арызбен полицейлерге тағы бірнеше жәбірленуші шағымданды», — деді полициядан. ҚазАқпарат хабарлағандай, мал ұрыларын ұстау және қылмысты ашу мақсатында облыстық ПД-ның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. «Тәртіп сақшылары жақын аймақтарды қарап, куәгерлерден сұрастырып, мал сату орындары мен мал тасымалдаушы автокөліктерді тексеріп, басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде, жедел уәкілдер ер адам мен әйелді күдікті ретінде ұстады. Олар Шымкент қаласының тұрғындары және ерлі-зайыпты болып шықты», — делінген ақпаратта. Анықталғандай, олар Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарындағы жайылымдарда адамдардың болмауын пайдаланып, малдарды ұрлап отырған. Олардың 10-нан астам қылмысқа қатысы бар болып шықты. Сондай-ақ ұрланған малдарды сатып алушы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол да заң алдында жауапқа тартылатын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде