jasqazaq.kz

Ерлан Тұрғымбаев: Елімізде отбасылық жанжал ушығып тұр

09 маусым 2020, 14:58

Елімізде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға артып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты.

Министрдің дерегінше, жыл басынан бері елімізде қылмыс саны 38 пайызға азайды. Дене ауыр жарақат салу, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық сынды қылмыс түрлері де төмендеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар, бұрын сотталғандар жасайтын қылмыстар да төмендеп отыр. Қылмыстардың көптеген түрлерінің ашылуы көрсеткіші де жақсара түскен.

«Дегенмен, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға артып отыр. Төтенше жағдай режимі кезеңінде азаматтардың оқшаулауына байланысты дағдарыс орталықтарының «қауырт желілеріне» зорлық-зомбылық құрбандарының жүгінуі көбейіп кетті. Бұған қоса, өкінішке орай зардап шегушілердің 10-ының екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі», — деді Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммункациялар қызметіндегі кездесуде.

Оның атап өтуінше, отбасылық жанжал шығарғыштардан зардап шегушілерді қорғау үшін 37 мың қорғау ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушыларға қатысты 4,8 мың арнайы талап бекітілген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде