jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев ҰБТ тапсырушыларға сәттiлiк тiледi

20 маусым 2018, 12:29

Бүгiн елiмiзде Ұлттық бiрыңғай тестiлеу басталды. Осыған орай, ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Елордадағы ҰБТ пунктiнiң бiрiнiң жұмысымен танысып, тест тапсырушылармен кездесті.

Сондай-ақ  министр түлектердің ата-аналарымен жүздесіп, олардың тестiлеуге қатысты сұрақтарына жауап бердi, –  деп хабарлайды.   Министрдiң айтуынша, елiмiзде 15-шi жыл қатарынан өткiзiлiп отырған ҰБТ-ның бiрiншi күнiнде 14 мың түлек тест тапсырады.    Жалпы, Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 20 маусым — 1 шiлде аралығында өтедi. Оған барлығы 102 мың түлек қатысады.   «Бүгiн ең бiрiншi тестiлеу күнi басталды. Жаңа ғана аралап өттiк. Бәрi дайын. Биыл 102 мың бала ҰБТ- ға қатысады. Бұл болмаған жағдай. Жыл сайын жоғары оқу орнына түсетiн балалардың саны өсiп келедi. Биылғы жылы қосымша 20 мың грант бөлiндi. Осы жылы балалар сынақ түрiнде бiрнеше рет тест тапсырды. Сондықтан, балаларымыз дайын. Сұрақтардың көбi қиын емес. Жастар өмiрдiң даңғыл жолына шығып отыр. Оларға сәттiлiк тiлеймiн. Жолдары әрқашан да ашық болсын», — деп тiлек бiлдiрдi Ерлан Сағадиев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiндегi ҰБТ пунктiнде.
Сондай-ақ министр тестiлеу нәтижесiн бiлу үшiн Тelegram-ға edu.gov.kz каналан жүктеу керектiгiн айтты.    Атап өтсек, кеше БҒМ вице-министрi Асхат Аймағамбетов биылғы Ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi Telegram каналында жарияланатынын айтқан болатын. Ол үшiн тек тест тапсырушының жеке кодын енгiзу керек. Бұндай код әр тест тапсырған түлекке берiледi.
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан аса түлек ниет бiлдiрген. Олар биылғы мектеп бiтiрушiлердiң жалпы санының 70 пайызын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға өтiнiш жазғандардың 69 209-ы қазақ тiлiнде, ал 23 618-i орыс тiлiнде тестiлеуден өтпек. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 165 тапсыру пунктiнiң 1431 аудиториясында өткiзiлмек. Барлық аудитория байланыс сигналдалдарын бөгейтiн құрылғылармен, металл детекторлармен, тестiлеу барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен және онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

baq.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді