jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев: Негізі, оқулықтарды жеткізу — әкімдіктердің жауапкершілігіне жататын мәселе

07 тамыз 2018, 11:14


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әкімдіктерден оқулықтарды уақытында жеткізуді сұрады.
ҚазАқпарат жазғандай, «Негізі, оқулықтарды жеткізу — әкімдіктердің жауапкершілігіне жататын мәселе. Жалпы, облыстар кітаптарды жеткізу бойынша көлік компанияларымен келісімшарттарды рәсімдеді. Бірнеше өңірлер, оның ішінде Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы, Түркістан облысының төрт ауданы осы күнге дейін бұл жұмысты бастаған жоқ. Жаңа оқу жылына дейін 20 күн қалды. Сондықтан аталған жерлерге оқулықтарды уақытында жеткізбеу қаупі бар. Жергілікті атқарушы органдардың барлығынан осы мәселеге назар аударуды сұраймын», — деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, отырыс барысында министр жаңартылған мазмұндағы білім беру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, жоспар бойынша биыл бірқатар сыныптар білімнің жаңартылған мазмұнына көшетін болады. «Өткен жылдан бастап 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алуда. Осы 2018-ші оқу жылынан бастап қосымша 3-ші, 6-шы және 8-сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша білім ала бастайды. Оларға арналған оқулықтар дайын. Барлығы сараптамадан өтті, басылды. Оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмысы басталып кетті», — деді Е.Сағадиев.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді