jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев Мәскеудегі студент өліміне қатысты пікір білдірді

11 мамыр 2018, 12:23

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәскеуде терезеден құлап, қаза болған қазақстандық студент қызға қатысты істің нәтижесін күтуге кеңес берді.

«Біз осы мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жұмыс істейміз. Біріншіден, бұл жағдайды түсініп, тергеу амалдарының аяқталуын күту керек. Содан кейін осы сыртқы саяси ведомство мұндай жағдайларда мемлекеттің әрекет ету тәртібін айқындайды. Сондықтан министрлік олармен бірлесе жұмыс істейді», — деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 сәуір күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ғимаратының терезесінен Қазақстаннан оқуға барған Томирис Байсафа құлап кетті. Ол сол күні Склифосовский атындағы ҒЗИ ауруханасына жеткізілді. 1997 жылы туған қыз жарақатының ауыр болуы салдарынан 3 мамырда көз жұмды. Аталған факті бойынша РФ құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде