jasqazaq.kz

Ерлан Сағадиев: Үлгереміз

15 тамыз 2017, 15:38

Қазір күйіп тұрған мәселенің бірі де, бірегейі де – білім грантының төңірегіндегі әңгіме. Жыл сайын мемлекет бөлетін жалпыға ортақ білім грантынан тысқары жергілікті әкімдік пен жоғары оқу орындарының білім гранты болады. Биыл бұл грант туралы әлі нақты ақпарат берілген жоқ. Осы мәселенің анық-қанығын білу мақсатында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаға жолығып, көкейдегі сұрағымызды қойған едік.

– Жуықта үкімет отырысында биыл алғаш рет жергілікті әкімдіктердің гранты бөлінетіндігі жөнінде айтқан едіңіз.

– Ол жөнінде жергілікті әкімдіктермен ақылдасып, бір шешімге келу керек. Ол – әлі шешілмеген мәселе. Олардың өзіне қажет мамандығы, университеті бар. Солармен өздері жұмыс істейді. Бізге есеп беріп отырады. Ал біз өзіміздің ұсынысымыз бен пікірмізді айтамыз.

– Қаулы бойынша ол грант үшін құжат қабылданып қоюы керек едіғой?

– Бұл – басталып кеткен процесс. Бір-екі аптаның ішінде нақты шешімге келеміз. Егер әкім грант беретін болса, оны мәслихатта қарайды. Мәслихаттың отырысында барлығы талқыланып, содан соң шешім шығарылады. Бұл – мәслихатсыз шешілмейтін мәселе. Университеттердің жөні бөлек, әсіресе, жекеменшік оқу орындары бойынша олар өзі шешеді.

– Әлі ештеңе шешілмеген болса, жаңа оқу жылына үлгересіздер ме?
– Әрине, үлгереміз.
– Рахмет!

Сұхбаттасқан

Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ

Бүгін, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
Бүгін, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді